Айта кетейік, турнирдің ақтық сындары ертең «Сарыарқа» республикалық велотрек кешенінде өтеді. Биыл финалға 34 балуан шықты. Олардың ішінде өткен жылдың жүлдегерлері - Ұлан Рысқұл мен Бейбіт Ыстыбаевтар бар. Осы жолы жеңімпаз атанған балуанға «Қазақстан барысының» белбеуі мен 150 АҚШ доллары көлеміндегі сыйақымен бірге қазақтың ежелгі сал-дәстүрі бойынша «Алтын тайтұяқ» беріледі. Оны Қазақстанның Ұлттық банкі арнайы турнир үшін құйып берген. Сондай-ақ бірінші орынға демеушілердің арнайы сыйлығы - «Hundai Sonata» автокөлігі табысталады. Турнирді тамашалауға келген жанкүйерлер де құр қол қайтпайды. Олардың билеттері бойынша «Hundai Elantra» көлігі ойнатылады.
11:55, 21 Қыркүйек 2012
«Қазақстан барысы»: Бүгін балуандардың салмағы өлшенеді
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында қазақша күрестен «Қазақстан барысы» турниріне қатысатын балуандардың салмағы өлшенеді.