Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған алыптар аламаны Қазақстанның ең ауқымды жобасына да айналып, жұртшылықтың асыға күтетін үлкен спортының бірі болып отыр. Биыл әдеттегі қалыптасқан ереже бойынша «Қазақстан Барысы» турниріне еліміздің әр аймағынан іріктелген 32 балуан мен былтырғы жылғы жарыстың жеңімпазы Мұхит Тұрсынов жолдама алған болатын.
Еске сала кетейік, «Қазақстан Барысы» V республикалық турнирінің жүлде қоры 225 000 АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде 35 мың АҚШ доллары спортшылардың жаттықтырушыларына тағайындалған.
Жүлде қоры төмендегідей:
1-орын - 150 мың АҚШ доллары; 2-орын - 30 мың АҚШ доллары; 3-орын - 10 мың АҚШ доллары.