ЭКСПО жанындағы «Mega Silk Way» ойын-сауық орталығында өткен салтанатты салмақ өлшеу рәсімінде ақтаулық Кенжебек Күзембаевтың салмағы ең ауыр болып шықты. Ол - 145,800 келі болды. Екінші сатыда Еламан Ерғалиев. Оның таразыдағы көрсеткіші - 141,600 келі. Ал, 2013 жылғы «Қазақстан барысы» атанған шығысқазақстандық балуан Айбек Нұғымаров ауыр балуандардың «үздік» үштігін түйіндеді. Оның салмағы - 136,500 келі.
Айта кетейік, «Қазақстан Барысы» финалына еліміздің 14 облысы, Алматы мен Астана қалалары және әскерилер арасында іріктеуден үздік шыққандар қатысады. «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы 2 шілде күні сағат 12:00-де Астана қаласындағы «Барыс Арена» мұз сарайында өткізіледі. Қазақстан аумағында «Қазақстан Барысы» турнирінің ресми бас хабар таратушысы «Қазақстан» және «Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетеді.
14:32, 01 Шілде 2017
«Қазақстан барысы» жарысында белдесетін ең ауыр балуан кім?
АСТАНА. ҚазАҚпарат - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» VII Республикалық турниріне қатысатын ең ауыр салмақтағы балуанның есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.