Оның айтуынша, «Қазақстан барысының» іріктеу турнирлері ауылдық-селолық, аудандық-қалалық және облыстық болып үшке бөлінеді.
«Алғашқы іріктеу ойындары ақпан айында ауылдық-селолық жерлерде жүргізіледі. Одан үздік шыққандар наурыз айында аудандық-қалалық турнирлерде іріктеледі. Ал сәуір айында облыстық деңгейдегі іріктеулер өтеді», - деп атап өтті Е. Қарин.
Ал биылғы «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалы Астана күніне орайластырылмақшы көрінеді.
«Біз ұйымдастырушылар алқасымен ақылдаса келе, биылғы финалды Астананың 15 жылдығына орайластырып, маусымның 30 күніне белгілеп отырмыз», - деді ол.