«2014 жылмен салыстырғанда, 2015 жылы сотқа 10,4%-ға іс көп түсті және қаралды. Жаңа заңнамалық база сот қорғау саласын кеңейтуге мүмкіндік берді. 2014 жылмен салыстырғанда, 2015 жылы ақталғандардың саны 55%-ға артқан. Егер былтыр ақталғандар саны 478 болса, 2015 жылы - 743 болды», - деп атап өтті ол.
Оның сөзіне қарағанда, былтыр мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандар саны 9 мың адамды құраған. Сонымен қатар 5520 адамға жауапкершілік ауыр жазадан жеңіліне ауыстырылды.
«2015 жылы сотпен бас бостандығынан айырылғандардың үлесі 25,5%-ды құрады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 13%-ға кем. Осының нәтижесінде Қазақстан сотталғандардың саны бойынша әлемдік ретингте 55-орынға сырғыды. 100 мың адамға бізде 233 сотталғаннан келеді», - деді А. Раxметуллин.