«Форум барысында сарапшылардың бірі 1975 жылдан кейін туған буын зейнетке шыққаннан соң басылымдарға қызығушылық төмендейтінін пайымдап отыр»,-деп тоқталған редактор, «меніңше, дәл осылай болатын секілді»,-деді. Яғни, 20-30 жылдан кейін газеттерге деген сұраныс күрт азаяды.
Оның пайымдауынша, басылымдардың шағын тираждары сақталуы мүмкін. Оларды әуесқойлар, яғни осы қағаз өнімге қызығушылық танытқан топтар ғана оқитын болады.
«Мен еліміздің жоғары лауазымды өкілдерінің бірімен әңгімелескен кезде, мемлекет тарапынан басылымдарға қолдау көрсету шаралары жалғасатыны белгілі болды»,-деді бас редактор.
Оның пікірінше, бұл үрдіс көптеген мемлекеттердің үкіметтеріне қолайлы.