Бұл туралы 29 жастағы литвалық маман Instagram-дағыпарақшасында жария етті.
«Қадірлі достар, мансабымның «Астанадағы» жәнеҚазақстандағы кезеңі аяқталды. Бірге жұмыс істеу мүмкіндігін бергендеріңізгекөп алғыс!.. Баға жетпес тәжірибе жинақтадым», - деп жазды ол.
Бұдан әрі жас бапкер жаңа жобаны қолға алғалыотырғанын да айтты.
«Мен жаңа бағытқа бет бұрдым. Польшада LEGIAклубымен келісімшартқа қол қойдым. Сіздердің нәтижелеріңізді қарай жүремін.«Астана» - өмірімнің маңызды бөлігі», - деді Курилионокас.
Айта кетейік, Ренатас Курилионокас 2016 жылдыңтамыз айында «Астана» БК бапкерлер штабына келіп қосылды, ал ұлттық құрамағабылтыр шілде айында бас бапкер етіп тағайындалған.