Үшінші ойында ұлттық құрама Бахрейн командасымен кездесті. Ойын 101:78 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы топтағы үш кездесудің барлығында жеңіліп, С тобында төртінші орын алды. Нәтижесінде ұлттық құрама Азия ойындарындағы жарысын аяқтады.
Бұған дейін қазақстандық баскетболшылар Қытайға 61:99, Филиппинге 78:109 есебімен жол берген еді.
Жарыс ережесіне сәйкес, ширек финалға үш топтың әрқайсысынан үздік екі команда, сондай-ақ үшінші орын алған құрамалар арасындағы нәтижесі ең жоғары екі команда жолдама алады.
Қазақстан С тобында төртінші орын алғандықтан, баскетболдан Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады.
Еске салайық, бұған дейін Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан Чехиядағы Гран-Приде топ жарғанын хабарлағанбыз.