Қазақстан басшылығы Болат Нұрғалиевтің ШЫҰ Бас хатшысы лауазымындағы қызметіне жоғары баға берді

None
БЕЙЖІҢ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - ҚР-ның ҚХР-дағы Елшісі Икрам Адырбеков Бейжіңде, сәрсенбі күні, желтоқсанның 23-інде Қазақстан басшылығы Болат Нұрғалиевтің Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы лауазымындағы қызметіне жоғары баға бергенін мәлімдеді.

Б.Нұрғалиевтің ШЫҰ Бас хатшысы ретіндегі миссиясының аяқталуына орай И.Адырбеков ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың тапсырмасы бойынша ШЫҰ Бас хатшысы лауазымындағы жоғары және жауапты қызметіндегі жұмыстары үшін Қазақстанның басшылығы атынан Б.Нұрғалиевке жылы сезімге толы алғыс сөздерін жеткізді. «Оның тікелей және белсенді қатысуымен Мемлекет басшылары кеңестерінің және ШЫҰ мүше-мемлекеттері Үкіметтері басшылары кеңестерінің барлық кезектен тыс отырыстары, сондай-ақ түрлі деңгейлердегі көптеген кездесулер мен отырыстар зор табыстармен өтті», - деді И.Адырбеков.