«ЕурАзЭҚ бойынша 134 халықаралық шарт бар, енді бізге не істеу керек, деген сұрақ туындайды. 2015 жылғы 1 қаңтардан ол өз жұмысын аяқтайды. Бұл ұйымды жабу қажет, бұл енді сөзсіз! Ондағы 71 шарт біздің бәрімізге қатысты, заңгерлер құжаттарға талдау жасауы тиіс. Енді оны Кеден одағына бейімдеу қажет деген сөз айтылып жүр, одан да оларды БЭК пен КО жағдайында жаңадан жасаған дұрыс», - деді Н.Назарбаев Минскіде мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысында.
Мемлекет басшысы, ал қазіргі уақытта Кеден одағына кірмеген ұйым мүшелерін (Қырғызстан мен Тәжікстан) байқаушы ретінде қабылдауды ұсынды.
«Олардың мәртебесін қалайша айқындау жөнінде уағдаласуымыз қажет. Бұл шешілмейтін мәселе емес деп ойлаймын, бізге оны шешу қажет», - деп атап көрсетті ҚР Президенті.