Қазақстан басшысы интеллектуалды ұлтты қалыптастыру жөніндегі міндетті іске асыру аясында мамандарды оқытудың маңызын атап өтті
20:05, 27 Наурыз 2013
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арыстанбек Мұхамедияұлын қабылдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында А.Мұхамедияұлы мәдениет пен өнер саласында білікті кадрлар даярлау үшін ұлттық мектепті одан әрі дамыту жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы мәлімдеді.
Қазақстан Президенті интеллектуалды ұлтты қалыптастыру жөніндегі міндетті іске асыру аясында мамандарды оқытудың маңыздылығын атап өтіп, академиядағы оқу процесін жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіруді тапсырды.