Қазақстан басшысы мен Австрия Парламенті Ұлттық кеңесінің президенті елдер арасындағы саяси өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады

None
ВЕНА-АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Австрия Республикасы Парламенті  Ұлттық кеңесінің президенті Барбара Праммермен кездесу өткізді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстан мен Австрия арасындағы саяси өзара іс-қимылды кеңейту мәселесі талқыланды. Тараптар парламентаралық байланыстарды нығайту үшін екі елдің заң шығаратын органдарының байланысын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Австрия Парламентінің Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды, онда Астрия халқының игілігі мен біртұтас Еуропаны өркендетуде заң шығару қызметінде депутаттарға табыстар тілеген.