Қазақстан басшысы ресми сапармен Украинаға келді
РИА «Жаңалықтар» агенттігі хабарлап отырғандай, сапар барысында Қазақстан мен Украина басшыларының оңаша кездесуі, содан кейін украиналық-қазақстандық келіссөздер мен украиналық-қазақстандық құжаттарға қол қою шаралары өтеді жоспарланған.
Күннің екінші жартысында В.Янукович пен Н.Назарбаевтың БАҚ өкілдерімен кездесуі өтеді.
Кешке мемлекет басшыларының Даңқ саябағындағы Белгісіз жауынгер зиратына гүлдестерін қою және Украинадағы аштық құрбандарын еске алу рәсімдері болады.
Сәрсенбі күні Украина мен Қазақстан Президенттерінің украиналық және қазақстандық іскер топтар өкілдерімен кездесуі өтеді.
Сондай-ақ бұрынырақ Украина вице-премьері Андрей Клюев хабарлағандай, Қазақстан Президентінің Украинаға жасаған ресми сапары барысында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі украин-қазақстан мемлекетаралық комиссиясының бірлескен тоғызыншы отырысының нәтижесі бойынша, ғарышты игеру, білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келісімдерге қол қойылады.