Бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің мерейтойлық сессиясы мен Сыртқы істер министрлерінің IV кездесуі барысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Қазақстан Сириядағы дағдарыстық жағдайды бейбіт жолмен шешуге бағытталған күш-жігерді қолдайтынын бірнеше рет мәлімдеген болатын. Біз осы елдің болашағы тек қана Сирия халқының қолында екендігіне сенімдіміз. Сондықтан да тараптар келіссөздер үстелі басына жайғасуы керек», - деді Мемлекет басшысы.