Қазақстан басшысы Түркия Республикасына ресми сапары ауқымында осы елдің басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді

None
АНКАРА. 11 қазан. ҚазАқпарат - «Біз бірлескен «Жаңа синергия» бағдарламасын қабылдадық, сөйтіп, алдымызға үлкен мақсат қойдық»,  - деп атап көрсетті  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-де хабарлады.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан басшысы Анкарада Түркия Республикасына ресми сапары ауқымында осы елдің басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.