АСТАНА. ҚазАқпарат – Әзербайжан астанасы Бакуде батуттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде қазақстандықтар екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жекелей сында қазақстандық Данил Мұсабаев табысты өнер көрсетті.
Қарағандылық гимнаст 59.240 ұпай жинап, жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар жұптық сайыста Данил командаласы Пирмаммад Алиевпен бірге синхронды секіруде топ жарды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем кубогі кезеңінде 2 алтын медальға қол жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).