Қазақстан Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынасты дамытудағы маңызды буын - Даля Грибаускайте

ТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынасты дамытудағы маңызды буын.

Бұл жайында бүгін Астанадағы Қазақстан-Литва бизнес-форумында Литва Президенті Даля Грибаускайте мәлім етті.

«Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу біздің халықтар бір-бірін түсінетінін тағы да бір дәлелдеп өтті. Сондай-ақ біз бірлесе өте үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз»,-деді Литва басшысы.

«Біз жаңа тарихи және геосаяси кезеңге аяқ басып отырмыз. Әлемдегі экономикалық дамудың Шығысқа қарай бағытталуы ауқымды мүмкіндіктер береді. Дәл осы тұрғыда Қазақстан Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынасты дамытудағы маңызды буынның бірі болып табылады»,-деп атап өтті ол.