Қазақстан байдарка және каноэде ескек есу марафонында 5 алтын медаль жеңіп алды

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Гонконг қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатының марафоны мәресіне жетті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы 3 күнге созылған марафонда Қазақстан командасының спортшылары 5 алтын, 1 күміс пен 2 қола медаль иеленді.

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Олардың жүлделері:

Татьяна Токарницкая (байдарка):
3400 м — 1-орын
20 км — 1-орын
500 м — 1-орын
200 м — 1-орын

Тимофей Емельянов (каноэ):
3400 м — 2-орын
16 км 800 м — 1-орын
500 м — 3-орын
200 м — 3-орын

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Гонконгқа Ұлттық құрама сапында екі ескек есу шебері аттанды. Жалпы, биылғы марафонға сары құрлықтағы 13 мемлекеттен 250-ге жуық спортшы жиналды.

Еске сала кетейік, қазақстандық спортшылар Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ қазақстандық клубтар футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңін бастайды.