Қазақстан БЭК аясында бірыңғай валютаға ауысудың өз схемасын ұсынып отыр - П.Прокопович

МИНСК. 29 қаңтар. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - «Қазақстан Біртұтас экономикалық кеңістік аясында ортақ валютаға ауысудың өз схемасын ұсынып отыр».

Беларус Республикасы Ұлттық банкі басқармасының төрағасы Петр Прокопович журналистердің сауалдарына берген жауабында осылай деді.

«Дегенмен, бұл қазір біте қоятын үдеріс емес, ол көп жұмысты талап етеді. Бірақ бұл бүгінгі күнге сәйкес перспектива», деді ол өз сөзінде.

Минскіде Беларус Республикасы Ұлттық банкі басқармасының төрағасы Петр Прокоповичтің басшылығымен басқарманың кеңейтілген мәжілісі өтіп, онда Беларус Республикасының 2010 жылғы ақша-несие саясатының негізгі бағыттарының орындалу қорытындысы мен елдің банк жүйесінің ағымдағы жылғы міндеттері қаралды.