Қазақстан Бельгиямен бірқатар салада инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

None
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Бельгиямен бірқатар салада инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға жаңадан тағайындалған бірқатар шетел елшісінен Сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Еліміздің Бельгия Корольдігімен өзара қарым-қатынасы барлық деңгейде орнықты дамып келе жатқандығын баса айтқан Елбасы: «Біз бірлесіп энергетика, индустрия, инновация, экономикалық технология, ғылыми-зерттеу жұмысы салаларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз. Қазақстан мен Бельгия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық Бельгияның жаңа Королі ұлы мәртебелі Король Филиптің қолдауы арқылы одан әрі дамиды деп сенеміз», - деді.