Бұл туралы finprom.kz мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Импорттың қысқаруына мотор және дизель отынын өндіру көлемінің артуы ықпал етті. 2016 жылдың 11 айында Қазақстанның мұнай өңдейтін кәсіпорындары 7 млн. тоннаға жуық өнім шығарды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 130 мың тоннаға артық.
Дегенмен қазақстандық тұтынушылар автомобиль отынының тапшылығын сезінуде. 2016 жылдың қаңтар-қарашасында ішкі нарыққа 8,3 млн. тонна отын жіберілді. Бұл көрсеткіш 2015 жылға қарағанда артықтау, бірақ та 2013 және 2014 жылдармен салыстырғанда аздау.
Жанар-жағармайға деген сұраныс Қазақстанда автокөліктер санының артуы тұрғысында өсті. 2016 жылы бөлшек нарықта дизель отынының құны 33 пайызға, ал АИ-92 маркалы бензин бағасы 8 пайызға жоғарылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы күзде елімізде АИ-92 маркалы бензиніне мемлекеттік реттеуді доғару туралы шешім қабылданған болатын.