Қазақстан «Березовский ет консерві комбинатымен» бірлескен кәсіпорын ашпақ

None
АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық «ECOPRODUCT ASTANA» және Беларусь елінің «Березовский ет консерві комбинаты» ет өңдеуге арналған бірлескен кәсіпорын ашпақ.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінен хабарланды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков беларусьтік делегациямен кездесіп, оның барысында бірлескен өндірістер құру саласында ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін талқылады.

«Кездесу нәтижесі бойынша ет өңдейтін бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін қарастыру туралы уағдаластыққа қол жетті. Бірлескен кәсіпорынның құрылтайшылары Қазақстан тарапынан «ECOPRODUCT ASTANA», ал Беларусь тарапынан «Березовский ет консерві комбинаты» ААҚ болмақ», - делінген баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.