«Қазақстанның ЕАЭО-ға қатысуы отандық өндірушілердің сыртқы нарықтарға шығуы үшін қолайлы жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде үшінші елдермен артықшылықты сауда туралы келісімді бекіту арқылы жүзеге асырылады. 2015 жылы еркін сауда аймағы туралы құжатты Вьетнаммен, 2018 жылы Иранмен бекіттік. Осы орайда 180 млн халқы бар нарыққа тауар жеткізуге мүмкіндік ашылды», - деді Т. Сүлейменов.
Осы орайла ол осы тектес келісімдерді Мысыр, Израиль, Үндістан, Сербия және Сингапурмен бекіту бойынша келіссөздер жүріп жатқанын жеткізді.
«Мұндай келісімдер отандық тауарларды аталған елдерге жеткізу жағдайын жақсартады, сондай-ақ қолданыстағы сауда рәсімдерін айтарлықтай жеңілдетеді», - деді ведомство басшысы.