АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан өткен Әлем кубогының сегізінші кезеңі аясында супермикст бәсекелерінде жерлестеріміз бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жекелей аралас эстафетада Қазақстан намысын Галина Вишневская мен Ян Савицкий қорғады. Бұл сында бас жүлдені аустриялық (Лиза Хаузер, Симон Эдер) - 31:35.1 команда жеңіп алса, екінші орынды АҚШ (Сьюзен Данкли, Лоуэлл Бейли) құрамасы қанжығасына байлады. Ал үздік үшінші орын Германия (Лаура Дальмайер, Роман Реес) құрамасына бұйырды. Ал біздің командамыз бесінші орынға тұрақтады.
Естеріңізге сала кетейік, Швеция елінің Эстерсунд қаласында өткен кезеңде де дәл осы құрам бесінші орыннан көрінген болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.