«Кез келген елдің ілгері дамуында адам капиталының алатын орны ерекше. Қазақстан дұрыс бағытты таңдап алды және білімге инвестиция құя бастады. Яғни шетелдік университеттерге студенттер жіберіп жатыр. Бұл мемлекеттің интеллектуалды капиталын байытып, халықтың сапалық деңгейде ілгерілеуіне оң ықпал ететін болады. Қазақстан зор әлеуетке ие болып, бұл ұлы өзгерістерге әкеледі», - дейді ол.