Қазақстан бишілері Моңғолия мен Жапонияда өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияда маусым айында «Welcome to Mongolia-2015» халықаралық балет фестивалі өтеді, деп хабарлады «Моңғолия дауысы».

Оған Ресей, АҚШ, Куба, Испания, Жапония, Қазақстан, Тайвань, Грузияның үздік бишілері қатысады. Репертуар қойылымын белгілі балетмейстер Фан И жүзеге асырады. Ол Моңғолияға Еңбегі сіңген әртіс Д.Алтанхуягпен бірге көрермендерді «Лебединое озеро», «Ромео және Джульетта», «Дама с камелиями» туындыларымен таныстырмақ.

«Welcome to Mongolia 2015» фестиваліне қатысушылар шарадан соң өнерлерін көрсету үшін Жапонияға аттанады.