«Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-сәуірде сыртқы сауда тауар айналымы 11,1 пайызға артып, 44,4 млрд. долларды құрады. Экспорт 25,5 млрд долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 7,5 пайызға ұлғайып, 8 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 18,9 млрд долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 6,6 млрд долларға тең», - деді министр.
10:57, 13 Маусым 2023
Қазақстан биыл 25,5 млрд доллардың тауарын экспорттады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы жылдың төрт айында 25,5 млрд доллардың тауары экспортқа шығарылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.