08:16, 08 Маусым 2009
Қазақстан биыл мол астық күтуде
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қазақстан ағымдағы жылы астық алқаптарын 700 мың гектарға арттырды және егін шығымының артуын күтуде.
Бұл туралы Дүниежүзілік астық форумының аясында журналистерге берген сұхбатында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Арман Евниев мәлім етті. Вице-министрдің айтуынша, ағымдағы жылы Қазақстанда егін алқаптары 700 мың гектарға арттырылып, 16,5 миллион гектарға жеткізілді. «Өткен жылы 16,5 миллион тонна астық жиналды. Біз биылғы астықтың шығымы жақсы болады деп күтіп отырмыз, оған қоса біз автопаркті жаңарттық, барлық техникалық мәселелер шешілді. Мол астықтың болатындығына үміттіміз», деп хабарлады А.Евниев.