Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас Ассамблеясының 18-інші сессиясының пленарлық мәжілісінде Пәкістанның Туризм жөніндегі федералдық министрі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Пәкістандағы бүгінгі әскери жағдай және осы елде болған көптеген лаңкестік әрекеттерден кейін туризм саласының даму деңгейі төмендеді. Бізге келуге ниет білдірген шетелдік туристердің барлығын Пәкістанға келмеуге сендіруде. Біздіңше, қазіргі кезде Пәкістанның жағымды туристік имиджін қалыптастыруда Қазақстанның рөлі ерекше болуы мүмкін», деді М.Атта-ур-Рехман