ҚР Бокс федерациясының хабарлауынша, «Оңтүстік» дивизионында Алматы мен Жамбыл облыстары Алматы қаласында кездесіп, алматылықтар 6:4 есебімен жеңіске жетті.
«Батыс» дивизионында Маңғыстау мен Атырау облысының боксшылары Ақтау қаласында жұдырықтасып, маңғыстаулықтар 8:2 есебімен басым түсті.
«Солтүстік» дивизонында шаршы алаңға көтерілген Қостанай мен Қарағанды облысының спортшылары арасындағы бәсекеде 6:4 есебімен қарағандылықтар басым болды.
Ал «Шығыс» дивизионында Алматы мен Шығыс Қазақстан облысының командалары Талдықорған қаласында өз бақтарын сынап, шығысқазақстандықтар 6:4 есебімен үстем болды.
Осылайша Қазақстан Бокс федерациясы кубогы жарысында жартылай финалға шыққан командалар анықталды. Енді 5 қараша күні ақтық сынға шығу үшін Жамбыл мен Қарағанды, Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облысының былғары қолғап шеберлері күш сынасады.