Бұл кезеңде «B» және «D» тобындағы командалар бақ сынасты.
Орал қаласында «B» тобының (Астана, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының құрамалары) мықтылары анықталды. Елордалық құрамды Жамбыл облысының боксшылары 6:4 есебімен тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алды. Астана құрамасы бұған дейін турнирдің чемпиондары саналып келген.
Қарағандыда өткен сында Алматы және Қарағанды облыстарының боксшылары 8:2 және 10:0 есебімен Атырау және СҚО боксшыларын ойсырата жеңді. Бүгін қос жеңімпаз өзара тәжікелесіп, қай жеңгені жамбылдықтарға қарсылас атанады.