– 2025 жылы боксшыларымыз халықаралық аренада 113 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 58 алтын, 28 күміс және 27 қола медаль бар. Бұл – бапкерлер штабы мен өңірлік федерациялардың бірлескен жұмысының нәтижесі, – деді Ақшалов жыл сайынғы конференция барысында.
2025 жылғы маусымда қазақстандық былғары қолғап шеберлері үшін негізгі халықаралық жарыстардың қатарында Ливерпульде өткен әлем чемпионаты, желтоқсанда Дубайда ұйымдастырылған IBA әлем чемпионаты және Астанада өткен World Boxing әлем кубогы болды.
Астанадағы әлем кубогы 30 маусым мен 6 шілде аралығында өтті.
Ал Ливерпульдегі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.
Ұлттық құрама аталған жарыста 10 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 7 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде бар.
Айта кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы әлем кубогына дайындығын бастады.