Ұлттық құрама боксшылары U15 жас санатында 7 алтын, 8 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, турнирде Бейбарыс Қойшыбай (43 келіге дейін), Нұрислам Бақтубаев (55 келіге дейін), Рауан Тоғызбай (61 келіге дейін), Аманжан Жанай (67 келіге дейін), Аян Бауыржан (70 келіге дейін), Самал Төлепберген (52 келіге дейін) және Нұргүл Сахи (67 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.
Ал Саят Рахымберді (33 келіге дейін), Жақсылық Ермекұлы (35 келіге дейін), Айбын Мәжит (70 келіден жоғары), Нұржанат Бекназар (37 келіге дейін), Сабрина Әділханова (46 келіге дейін), Аруна Шалман (55 келіге дейін), Айару Файзуллаева (61 келіге дейін) және Көркем Ғалым (70 келіден жоғары) күмістен алқа тақты.
Сұлтанғали Нұрмахан (37 келіге дейін), Аяжан Марат (33 келіге дейін), Айша Насанова (35 келіге дейін), Диана Мендигараева (40 келіге дейін), Сезім Нұрлыбек (43 келіге дейін), Ардақ Әбдіхан (58 келіге дейін), Дінмұхамед Молдахан (64 келіге дейін), Ясмин Джаутханова (64 келіге дейін) және Еркеназ Ерболқызы (70 келіге дейін) қола медальға ие болды.
Айта кетейік, бүгін U17 жас санатында финалдық жекпе-жектер өтеді.
Қазақстандық зілтемірші Азия чемпионатында бесінші орын алғанын жазған едік.