Турнирге Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан, Сауд Арабиясы және Еуропалық бокс конфедерациясынан (EUBC) 97 боксшы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 16 медаль (4 алтын, 5 күміс, 7 қола) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Әзербайжан құрамасы 22 медальмен (5-4-13) бірінші орынға ие болды.
Турнир қорытындысы бойынша үздік бестік:
- Әзербайжан – 22 (5-4-13)
- Қазақстан – 16 (4-5-7)
- Тәжікстан – 4 (2-1-1)
- Өзбекстан – 5 (1-2-2)
- Ресей – 3 (1-1-1)