Қазақстан боксшылары әлемдік рейтингіде қандай орында тұр
01:10, 20 Маусым 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ санаты бойынша боксшылардың жаңартылған рейтингін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
ТОП-15-ке енген Қазақстан боксшыларын ұсынамыз:
WBC International нұсқасы бойынша суперауыр салмақтағы чемпион Жан Кособуцкий 8-орынды сақтап қалды.
Екінші орта салмақтағы Әли Ахмедов үшінші позициядан алтыншыға сырғыды.
Әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин орта салмақ рейтингінде көш бастап тұр. Мейірім Нұрсұлтанов екінші орынға орналасқан.
Бірінші жартылай орта салмақ категориясында WBC Silver белдігінің иегері Сергей Липинец бесінші позициядан жетіншіге түсіп қалды.