АСТАНА. ҚазАқпарат - Франкфуртта бокстан жастар арасындағы «Браденбург Кубогы 2018» халықаралық турнирінде отандастарымыз 7 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Бокс федерациясы таратқан мәліметке сүйенсек, алтын медальға 49 келіде Махмұд Сабырхан, 56 келіде Бейбарыс Жексен, 60 келіде Рахат Сейітжан, Талғат Шайкен (64 келі), Сағындық Тоғамбай (81 келі) және Айбек Оралбай ( 91) қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанған.
Ал күміс жүлдеге 69 келідегі Ермахан Жакпеков қол жеткізсе, қола медальға Нұрбек Оралбай ие болды.
Жалпы есепте Қазақстан боксшылары бірінші орынды иеленді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.