АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан боксшылары Елбасын қолдайды. Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезіне қатысушы Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев осылай дейді.
«Біздің боксшыларымыздың да кезектен тыс президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдіріп, дауыс беретіндігін білемін. «Астана» кәсіби спорт клубы да әрқашан Президентімізге қолдау білдіреді. Өйткені, Мемлекет басшысы еліміздің, экономикамыздың тұрақты дамуының бірден-бір кепілі», - дейді Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.