АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - 13 наурыз күні Германияның Галле қаласында халықаралық «Chemistry Cup» додасы басталады. Бүгін дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы аттанып кетті. Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталына бас бапкер Мырзағали Айтжанов арнайы хабарлады.
Галле турниріне 19 елден 111 спортшы қатысады. Қазақстан мен Германиядан бөлек байрақты сынға Алжир, Австрия, Бразилия, Қытай, Дания, Франция, Ирландия, Италия, Литва, Молдова, Моңғолия, Моракко, Голландия, Румыния, Ресей және Өзбекстан елдері де өздерінің мықты боксшыларын әкелмек.
Қазақ елінің намысын неміс жерінде Серік Сәпиев, Ғани Жайлауов, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко, Қанат Әбутәліпов, Данабек Сужанов қорғайды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.