ШЫҰ Бас хатшысы Дмитрий Мезенцев «ҚазАқпарат» ХАА журналисіне осындай пікірін білдірді.
«Бүгінде Қазақстан сайлауалды кезеңде және қазіргі уақыт Қазақстан Республикасының саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірінде аса маңызды»,-деді Д. Мезенцев.
ШЫҰ Бас хатшысының атап өтуінше, «Қазақстан сындарлы сыртқы және ішкі саясатының арқасында Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде, ТМД елдерімен өзара қарым-қатынаста, өзге де қоғамдық және халықаралық саяси, экономикалық бірлестіктер арасында өзінің айрықша орнына ие болды».
Сондай-ақ Д.Мезенцев Астананың дамуы мен өркендеуіне ерекше тоқталды. «Маған өткен жылы Астанада болудың сәті түсті. Қала ғажайып, бәрі де қалайша санаулы-ақ жылдардың ішінде табиғаты қатал аймақта қаланы түбегейлі өзгертіп, сәулетті де еңселі астананы тұрғызған десіп таңданады. «Астана болашақтың қаласы. Оның тарихының тағы бір кезеңі ЭКСПО-2017» екендігі де кездейсоқтық емес», - дейді ол.