Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК-сы желтоқсанның 31-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Қазақстан аумағында атланикалық циклон жырасының және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады.

Еліміз бойынша жауын жауып, республиканың шығысында қар, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, екпінді жел соғып, бұрқасын болады.