Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет

Фото: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 4-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, солтүстік антициклон ҚР көп бөлігінің ауа райына ықпал етеді.

Республикада негізінен күн жауын-шашынсыз болады. Тек елдің батысы мен оңтүстік-батысында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады.

ҚР бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, шығыста – жаяу бұрқасын болу ықтимал.

Осыған дейін «Қазгидромет» еліміздің 11 облысы бойынша ауа райына байланысты ескертужариялаған болатын.