Қазақстан бойынша Азиада ойындарына билет сататын 70-тен астам нүкте ашылды

None
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Қазақстан бойынша VII қысқы Азиялық ойындарға билет сататын 70-тен астам нүкте ашылды, деп хабарлады Азиаданың ұйымдастыру комитетінен.

«Азиада ойындарының іс-шараларына билеттер сататын 70-тен астам нүкте жұмыс істеп жатыр, оның 25-і - Астана қаласында, 21-і - Алматы қаласында орналасқан», делінген комитеттің баспасөз қызметінің хабарламасында,

Қалған 25 нүкте республиканың 14 қаласында ұйымдастырылып отыр.

Астанада билеттерді Бейбітшілік және келісім, «Жастар», «Конгресс-холл» сарайларында, «Меломан» дүкендер желісінде, «Мега», «Керуен», «Хан Шатыр», «Сарыарқа», «Азия-парк» кешендерінде сатып алуға болады.

Азиада ұйымдастыру комитетінің ресми сайты - www.astana-almaty2011.kz мен «Меломан» дүкендер желісінің сайтында - www.meloman.kz - оn-line сатылым қарастырылған.

Азиаданың ашылу рәсімі билеттерінің құны - 7500 теңге мен 15 мың теңгенің аралығында болса, жарыс билеттерінің құны 750 теңге мен 4 мың теңгенің (хоккей финалы) аралығында.