«Әрбір өңірде Жаңа жыл шыршасына 9-13 жастағы жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар, ата-аналары мүгедек отбасының балалары, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары арасынан оқуда жетістіктерге жеткен белсенді білім алушылар мен дарынды балалар қатыстырылады. Сонымен қатар халықаралық, республикалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, дипломанттары, жас әншілер, бишілер, дәстүрлі орындаушылары, жас ақындар, шығармашылық ұжымдардан барлығы 300 бала республикалық оқу-сауықтыру орталығында Жаңа жылдық шыршаға қатысады», - делінген ҚР БҒМ мәліметінде. Балалар үшін театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, байқаулар мен викториналар өткізіледі. Сондай-ақ олардың арасында қазақ халқының мақал-мәтелдері мен жаңылтпаштарын жатқа айтудан сайыстар жоспарланған. Жаңа жылдық шырша мерекесіне қатысушылар үшін «дәмді дастархан», концерттік бағдарлама, сыйлықтар ұйымдастырылған.
12:52, 24 Желтоқсан 2014
Қазақстан бойынша ҚР Президентінің атынан Жаңа жылдық шыршалар басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 24 желтоқсанда республиканың барлық өңірінде бір мезгілде әкімдердің қатысуымен «Біз мәңгілік ел боламыз!» атты Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жылдық шырша өткізіледі.