«Бүгінде экономикалық белсенді халықтың саны 428 мыңға жетті, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 22 мың. Жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызға төмендеп, 4,6 пайызды құрады. Бұл өз кезегінде бүгінде Астанаға көшбасшы (Қазақстан бойынша) позицияда тұрақтауға мүмкіндік берді», - деді О. Демушкан.
Оның айтуынша, қазіргі кезде елордада халықты жұмыспен қамтудың 2015 жылға арналған кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Осы орайда қызметінен босаған жұмысшыларды еңбекпен қамтуға негізделген шаралар атқарылуда.
Бұл жоспарды жүзеге асыру аясында 7 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.