ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараға BRICS-ке қатысушы мемлекеттер мен серіктес елдердің дипломатиялық миссияларының басшылары, сондай-ақ Үндістанның сарапшылық және академиялық қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Талқылау барысында BRICS шеңберіндегі энергетикалық ынтымақтастықтың перспективалары, жаңартылатын энергетиканы дамыту, сыни маңызы бар минералдар, заманауи энергетикалық технологиялар, инфрақұрылым және инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Жеткізу тізбектерінің орнықтылығын нығайту, жаңа энергетикалық және көліктік дәліздерді дамыту, сондай-ақ BRICS қатысушылары мен серіктестері арасындағы технологиялық ынтымақтастықты кеңейту қажеттігі аталып өтті.
Өз сөзінде Елші Ескараев BRICS шеңберінде энергетикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Қазақстанның ұстанымын таныстырып, елдің дәстүрлі және жаңартылатын энергетика, сыни маңызы бар минералдар және еуразиялық көліктік-энергетикалық байланыстылықты дамыту саласындағы әлеуетін атап көрсетті.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ жанынан Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы жария етілді. Энергетикалық, азық-түлік және су қауіпсіздігі мәселелерінің бір-бірімен тығыз байланысты екені, ал су ресурстарына түсетін қысымның артуы халықаралық үйлестіруді күшейтуді талап ететіні атап өтілді.
Осы іс-шараға қатысу ү.ж. 12-13 қыркүйекте Нью-Делиде өтетін BRICS саммитіне қазақстандық делегацияның қатысу қарсаңында елдің басымдықтарын белгілеуге, сондай-ақ бірлестіктің күн тәртібін мазмұнды толықтыруға үлес қосуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру бастамасы ШЫҰ саммитінде де айтылды.