Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, орнықты даму және адам құқықтарын қорғау ісінде БҰҰ тиімділігін арттыруға қатысты үміттердің өсуі жағдайында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының сайлауы халықаралық қоғамдастықтың ерекше назарын аударып отыр.
– Сайлау процесі Қауіпсіздік Кеңесінде консенсусқа қол жеткізудегі белгілі бір қиындықтармен қатар жүріп отыр. Бұны бейресми дауыс берудің алдыңғы раундтарының нәтижелері куәландыруда. Осыған орай Қазақстан үміткерлер ортасының кеңеюін құптап, мұны сындарлы диалогты жалғастыру және өзара қолайлы шешім іздеу үшін қосымша мүмкіндік ретінде қарастырады. Қазақстан өз тарапынан халықаралық қатынастардағы БҰҰ-ның орталық рөлін нығайтуды, оның қызметінің тиімділігін арттыруды және жаһандық сын-қатерлерге ден қоюдың көпжақты тетіктерін жетілдіруді дәйекті түрде жақтайды, - делінген ҚР Сыртқы министрлігі хабарламасында.
ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді биылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясында сөйлеген сөзінде атап өткендей, келесі Бас хатшыны сайлау сессияның айқындаушы оқиғаларының бірі болмақ. Қазақстан БҰҰ Жарғысына толық сәйкес келетін ашық, инклюзивті және кандидаттардың кәсіби еңбек үлесіне негізделген іріктеу процесін жақтайды.
БАӘ БҰҰ Бас хатшысы қызметіне өз үміткерін ұсынғанын жазған едік.