Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасының өзара іс-қимылын қолдайды - Елбасы
Норимаса Шимомурадан сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы 2016-2020 жылдарға арналған негіздемелік серіктестік бағдарламасы да ынтымақтастықтың жаңа, сапалы деңгейге шыққанын көрсетеді. БҰҰ Даму бағдарламасының өзара іс-қимылы үш векторды қамтиды. Оны Қазақстан қолдайды. БҰҰ-ның Семей облысын аймақтық дамыту жөніндегі бірлескен бағдарламасын оң бағалаймыз», - деді Н.Назарбаев.
Айта кетейік, бүгін Ақордада ҚР Президентіне БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі, БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура, Израиль Елшісі Михаил Бродский, Өзбекстан Елшісі Икром Назаров, Әзербайжан Елшісі Рашад Маммадов, Таиланд елшісі Нат Пиньоваттаначип сенім грамотасын табыс еткен болатын.