БҰҰ әзірлеген электрондық Үкіметке жаһандық дайындықтың жыл сайынғы рейтингіне сәйкес, Қазақстан соңғы жылда 81-шіден 46-шы орынға көтеріліп, тұрақты ілгерілеп келеді. Республика Ресей (59-шы орын), Беларус(64-ші орын) және Украина (54-ші) елдерінен озып отыр. Біздің елімізде 70 мыңға жуық электрондық Үкіметтің қызметін пайдаланушы тіркелді (заңды және жеке тұлғаларды қосқанда).
Ал телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша Қазақстан 91-ші орында тұрса, онлайндық қызмет көрсету бойынша орташа әлемдік деңгейден 0,5270 индекспен (24-ші орын) озып келеді, ал жаңалықтарға дайындық рейтингі бойынша - 22-ші орында түр.
Әлем елдерінің электрондық Үкіметті пайдалануға әзірлік деңгейі әлемнің 192 елінің әлеуеті мен даму мүмкіндіктерінің жыл сайынғы есептерін жариялайтын БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік даму қызметінің аясында жүзеге асырылады. БҰҰ рейтингінің алғашқы бестігіне Оңтүстік-Шығыс Азияның, Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың жетекші елдері: Корея, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Нидерланды кіріп отыр.