Қ.Омаров Қауіпсіздік кеңесі мүшелеріне сапарлауға тыйым салу, активтерді бұғаттау және қарулы эмбарго сияқты лаңкестік әрекеттерге қатысы бар тұлғалар мен халықаралық террористік ұйымдарға қатысты БҰҰ ҚК салған санкцияларды ұстануын бақылайтын аталмыш санкциялық комитеттің 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы мәлімдеді.
Қ. Омаров 1267 санкциялық режиммен Ұйымға мүше-мемлекеттердің ынтымақтастығын жандандыруға, соның ішінде санкциялар тізіміне жеке тұлағалар мен ұйымдардың атауын енгізуге бағытталған Санкциялық комитеттің іс-шарасын атап өтті.
Қазақстан 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі және ДАИШ пен «Әл-Каида», «Талибан», Сомали мен Эритреядағы ұйымдарға қатысты үш санкциялық комиссияны басқарады.