— Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біз едәуір трансформациядан өттік. Компьютердегі мемлекеттік қызметтер порталынан — мобильді қосымшаға дейін. Ал одан кейін — қызметтер бойынша кеңес беретін eGov-тағы AI-көмекші және 1414 AI колл-орталығын іске қостық. Бұл жұмыс халықаралық деңгейде жоғары бағаланып отыр, — деді ол.
Сонымен қатар, бүгінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Электрондық үкіметті дамыту индексінде әлем бойынша 24-орында.
— Біз жасанды интеллектіні енгізу және қызметтерді үнемі жақсарту арқылы одан да жоғары көрсеткіштерге сенімді қадам басып келеміз, — деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылғанын жазғанбыз.